«Таза Қазақстан»: Шортанды кентінде 80 түп көшет екті
Ақмола облысының Шортанды кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар аллеясы абаттандырылып, 80 түп көшет отырғызылды.
Осы жолы жастардың сүйікті орнына айналған аллея көгалдандырылды. Оған аудан орталығының белсенді жастары мен мемлекеттік қызметкерлер және өңірдің белгілі азаматтары қатысты. Олардың қатарында үш рет әлем рекордын орнатып, есімі Гиннес кітабына енген қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников те болды. Жалпы, жыл басынан Шортанды ауданында 6 мыңнан аса көшет отырғызылған. Тазалық акциялары да апта сайын ұйымдастырылады. Осы жолы игі шара жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Адал еңбек – адал табыс» жастар форумымен жалғасын тапты.
Күнсұлу Малшыбаева, Шортанды тұрғыны:
Жалпы, мен «Таза Қазақстан» акциясына жастардың қатысқанын өте қатты қолдаймын. Себебі айтамыз ғой, бүгінгі жастар еліміздің тірегі, болашағы деп. Осы жастардың арқасында біздің ел өркендейді және осы «Таза Қазақстан» акциясы барысында жастардың ерікті, волонтер болуы еліміздің дамуына өте қатты үлесін қосады деп ойлаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36

Талдықорғандағы «ҚАЙНАР» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:14
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:13
Абай облысында «Келешек Мектебі» жобасы бойынша төртінші білім ошағы ашылады
22.10.2025, 20:11
«Мерейлі Отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:09
Жанармай бағасына енгізілген мораторий көктемге дейін жалғасады
22.10.2025, 20:07
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:05
Ақтөбе облысында 280 шақырым жол жөнделеді
22.10.2025, 20:01