Басты Жаңалықтар Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді

Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді

Талдықорғанда жаңа демалыс алаңы ел игілігіне берілді. «Бірлік» шағын ауданында орналасқан сквердің құрылысы биыл наурыз айында басталған. Жобаның жалпы құны – 270 миллион теңге. Бұған дейін қала күні қарсаңында өңірде жаңа саябақ ашылса, Республика күніне орай пайдалануға берілген бұл саябақ тұрғындарды қуантты.

Назгүл Нұрланқызы, Талдықорған тұрғыны:

7-үйдің тұрғынымын. Соңғы жылдары Бірлік шағын ауданы көркейіп келеді. Балалар мен ересектерге арналған демалыс орындарының көбеюі бізді қуантады.

Алмас Барлыбеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

2024 жылы бұл жоба әзірленіп, 2025 жылға қаржы бөлінді. Наурыз айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы, нысанның аумағы 0,62 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны 270 миллион теңге. Мұнда мәрмәрдан жасалған орындықтар, жарық шамдар орнатылып, көгалдандыру жұмыстары толық аяқталды.


Бөлісу