Нигериядағы президент сайлауында Мұхаммед Бұхари жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигериядағы президент сайлауында Мұхаммед Бұхари жеңіске жетті

28.02.2019

Тәуелсіз ұлттық сайлау комиссиясының есебі бойынша, ол 56 пайыз дауыс жинаған. Алайда оның қарсыласы нәтижелерді дұрыс емес деп айыптап отыр. 41 дауысқа ие болған Атику Әбубәкір сотқа жүгінуден де тайынбайтынын білдірді.

Айта кетсек, бұған дейін Бұхари 2015 жылы сайлауда жеңіске жетіп, содан бері ел басқарып келеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу