Ирандағы президент сайлауында Хасан Рухани жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирандағы президент сайлауында Хасан Рухани жеңіске жетті

20.05.2017
Ирандағы президент сайлауында Хасан Рухани жеңіске жетті

Ирандағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы сайлаушылардың 59 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті. Иран ІІМ-нің алдын ала мәліметтері бойынша, Рухани 22 млн 800 мың сайлаушылардың қолдауына ие болған. Ал, оның басты қарсыласы - Эбрахим Раиси 39 пайызға жуық дауыс жинады ( 15 млн. 452 мың адам дауыс берген).

Президент сайлауына 40 млн.ирандық қатысып, дауыс берушілер саны 70 пайызды құрайды. Заңнамаға сәйкес, бірінші айналымда 50 пайыздан жоғары дауыс жинаған үміткер жеңімпаз атанады. Хасан Рухани 68 жаста. Ол елдегі либералдық реформаларды қолдап, өзге елдермен байланысты жақсартуға уәде беріп отыр.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу