Медина қаласын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медина қаласын су басты

02.05.2024

Сауд Арабиясының қасиетті Медина қаласын алапат су тасқыны жайлады. Шаһарда толассыз жауын жауған. Мұнда құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты суағарлар жоқ. Сол себепті көшелерді тез су басып, өзенге айналған. Тасқыннан инфрақұрылым зардап шегіп, қоғамдық көліктер су астында қалды. Жергілікті билік тұрғындарды аймақтар арасындағы жолдарда абай болуға шақырды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу