Өзбекстандағы президент сайлауында Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандағы президент сайлауында Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті

25.10.2021

Өзбекстанда өткен Президент сайлауында қазіргі Мемлекет басшысы, либерал-демократиялық партияның үміткері Шавкат Мирзиеев 80,1% дауыспен бірінші орынды иеленді. Орталық Сайлау комиссиясы бүгін біздің уақытпен сағат 17.00-де саяси доданың алдын-ала қорытындысын жариялады. Қалған 4 қарсыласы 3 пен 6% аралығында дауыс жинаған. Жалпы сайлауға тіркелген электораттың 80,4% қатысқан. бұл жолы да өзіне сенім білдірген өзбек халқына алғыс айтты.

Ал, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевты Өзбекстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.  Өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпы халықтық қолдауға ие болғанын тағы бір рет дәлелдеді деп атап өтті. Сондай-ақ өзге де бірнеше елдің көшбасшылары Мирзиевке жылы лебіздерін білдірді.


Хабарламаларға жазылу