Нигерияда президент сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда президент сайлауы өтті

26.02.2019

Алдын ала есеп бойынша, Мұхаммед Бұхари алда келеді. Алайда, оның негізгі қарсыласының партиясы нәтижелерді дұрыс емес деп айыптап отыр. Дегенмен, елдің солтүстігіндегі Кано штатында жүздеген адам Бұхариді құттықтап, жеңісті тойлап та кетті.

76 жастағы Бұхари – бұрынғы әскери қолбасшы, оның қарсыласы 72 жастағы Атику бизнесмен және вице-президент қызметін атқарған. Тәуелсіз ұлттық сайлау комиссиясы жариялаған нәтижелерге сай, Бұхари Нигериядағы 36 штаттың жетеуінде жеңіске жетіпті. Соңғы қорытындылар алдағы уақытта шығатын болады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу