АҚШ Мексикамен арадағы шекараға 5200 жауынгер аттандыратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Мексикамен арадағы шекараға 5200 жауынгер аттандыратын болды

30.10.2018

Мұны Пентагон осыдан бірер сағат бұрын растады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Құрама Штаттарға қазір мигранттардың бір емес, екі көші жақындап қалды. Олардың көбі – Гондурас пен Сальвадордағы кедейшілік пен қылмыстан, зорлық-зомбылық пен коррупциядан қашқан босқындар.

Америкалық сарбаздар мигранттарды елге кіргізбеу үшін Техасқа, Аризонаға, Калифорнияға шоғырланады. Айта кетсек, бұған дейін Мексикамен арадағы шекараға АҚШ Ұлттық гвардиясының 2 мыңнан астам жауынгері қойылды.

Президент Дональд Трамп мәлімдегендей, Америка әскерилері елге бағыт алған «жаман жігіттерді» қарсы алуға әзір. Ал, пентагондық генералдың сөзінше, жауынгерлер босқындарды қарумен күтіп алады. 

Терренс О'Шонесси, АҚШ Қарулы күштерінің солтүстіктегі қолбасшылығының командирі:

- Бізге Қорғаныс министрі Мэттис қару ұстауға рұқсат берді. Яғни, жауынгерлеріміз шекара бойына арсеналмен шоғырланады. Бәріміз білеміз, шекара қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздік.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу