АҚШ-қа жол тартқан мигранттар көшімен жүрген 2 мыңдай бала таза су мен дәрі-дәрмекке зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-қа жол тартқан мигранттар көшімен жүрген 2 мыңдай бала таза су мен дәрі-дәрмекке зәру

31.10.2018

Мексика арқылы Америка Құрама Штаттарына жол тартқан мигранттар көші тоқтамай отыр. Олардың арасында екі мыңдай бала шұғыл көмекке зәру. Мұны жергілікті адам құқығын қорғау ұйымдары хабарлады. Жеткіншектерге, әсіресе, дәрі-дәрмек пен ауызсу қажет. Сонымен қатар, мұнда санитарлық жағдай өте нашар. Сондықтан, балалар арасында безгек ауруына шалдыққандар кездесіп отыр. Олардың бес жүзі - тым жас.

Босқындардың көбі – Сальвадор мен Гондурастағы кедейшілік пен қылмыстан, зорлық-зомбылық пен коррупциядан қашқандар. Бірақ, президент Дональд Трамп әкімшілігі мигранттарды елге кіргізбеу үшін Мексикамен арадағы шекараға мұздай қаруланған мыңдаған жауынгер аттандырып жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу