АҚШ Мексикамен арадағы шекараға жиналған мигранттарды еліне қайтара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Мексикамен арадағы шекараға жиналған мигранттарды еліне қайтара бастады

20.09.2021

АҚШ Мексикамен арадағы шекараға жиналған мигранттарды еліне қайтара бастады. Соңғы мәліметке қарағанда, өткен аптада Гаити астанасы Порт-е-Пренске үш рейс жеткізілген.

Жалпы алғанда, Техастың Дель-Рио қаласы мен Мексиканың Сьюдад Акуна қаласында жалғастыратын көпір астына 13 мыңдай мигрант жиналып қалған. Олардың көпшілігі – жақында жер сілкінісінен жермен-жексен болған Гаити азаматтары. Сонымен қатар, мұнда Латын Америкасының өзге елдеріндегі экономикалық дағдарыстан қашқан сан мың мигрант бар. Олардың арманы – қайтсе де Құрама Штаттар аумағына өту.

Биыл шілдеде АҚШ территориясына заңсыз өтпек болғңан 200 мыңдай адам тұтқындалды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу