АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания мигрант-балалар орналастырылған орталыққа киіп барған күртесі үшін үлкен сынға ұшырады. Өйткені, оның арқасында үлкен әріптермен «Маған шынымен де бәрі бір, ал сізге ше?» деп жазылған екен.
Алайда, бірінші ханымның баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Мелания бұл киімді кездейсоқ таңдап киген. Соған қарамастан, «Zara» фирмасының құны 39 долларлық күртесі әлеуметтік желіде жұрттың ашуын туғызған. Ал, Дональд Трамп «Твиттерде» бұл дауды «жалған мәлімет тарататын Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған» деп сипаттады.
Бірнеше сағаттан кейін Техасқа қонғаннан соң, Мелания көпшілік алдына басқа киім киіп шығып, тілшілердің сұрақтарына жауап берген.
Мадина РАХЫМБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.