British Airways 2 мың билеттің күшін жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

British Airways 2 мың билеттің күшін жойды

21.06.2018

British Airways компаниясы қателікпен өте арзан бағаға сатылған 2 мыңдай билеттің күшін жойды. Айта кетсек, бірнеше туристік бюро Тель-Авив-Дубай бағытына құны 200 фунт стерлинг тұратын билетті 1 фунтке сатқан екен.

Оларды жарамсыз деп танығаннан кейін компания сатып алушылардың ақшасын қайтаруға, әр қайсысына сыйлық ваучер беруге уәде етті. Дегенмен, көпшілік " British Airways-тің әрекетіне өкпелі.

Себебі, билет сатып алған адамдар қонақүйлер мен турларға алдын-ала тапсырыс беріп қойған екен. Енді, олардан бас тарту үшін де ақша шығындау қажет. Компания әрекетінен жапа шеккендер оны сотқа беруі тиіс деген пікірлер айтылып жатыр. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу