«British Airways» компаниясының веб-сайтынан мәліметтер ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«British Airways» компаниясының веб-сайтынан мәліметтер ұрланды

07.09.2018

«British Airways» компаниясының веб-сайтынан жүздеген мың жолаушының қаржылық және жеке мәліметтері ұрланды. Жалпы алғанда, тамыздың 21-і мен қыркүйектің 5-і аралығында 380 мың несиелік картамен жасалған төлемдер қолды болған екен.

«British Airways» бұл турасында дереу полицияға хабар берді және де әуе кәсіпорнының өкілдері тергеу барысын бақылауға алғанын мәлімдеп отыр.

Айта кетсек, биыл мамырда Лондонның «Хитроу» әуежайының жанында электр станциясы істен шыққанда, осы компанияның компьютерлері өшіп, 75 мыңдай жолаушы сапарға кешігіп аттанды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу