Брюссель әуежайында ереуілден жүздеген рейс тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссель әуежайында ереуілден жүздеген рейс тоқтатылды

24.06.2022

Бельгия астанасы Брюссель әуежайында жүздеген рейс доғарылайын деп отыр. Өйткені ұшқыштар мен борт қызметкерлері жұмыс істеуге жағдай жасауды талап етіп ереуіл жариялады. Осыған байланысты ертең 300-ден астам ұшақ сапарға аттанбайды. Бұдан жоспары бұзылған 40 мыңдай жолаушы зардап шекпек.

Кәсіподақтардың сөзінше, пандемия аяқталып, туризм қайта қарқын алғандықтан, қазір авиация персоналына үлкен салмақ түсіп отыр.

Айта кетейік, соңғы апталарда Еуропа әуежайжарында тәжірибелі қызметкерлер жетіспеушілігінен жүздеген әуе рейсін кейінге қалдыруға немесе доғаруға тура келген.

Бұған қоса, British Airways компаниясының штаты да жалақының төмендігіне шағымданып, Еуропаның еңқарбалас әуежайы – Лондонның «Хитроуында» шеру өткізетінін ескертіп отыр.


Хабарламаларға жазылу