Австралияда бал шығатын үй табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда бал шығатын үй табылды

26.09.2017

Австралияның Ньюкасл қаласында кәдімгі бал шығатын үй табылды. Ал, оның қожайыны ойламаған жерден омарташыға айналған. Мэган Сутерлэндтің айтуынша, мыңдаған ара баспананың пластик қабырғаларына ұя салып, оларға гүл шырынын жинап қойған екен. Соның арқасында Сутерлэнд табиғи балға толы 30 келі ұя мен осы шипалы өнім салынған бірнеше құтыға ие болды. Алайда, кейінірек бұл үй шақырусыз келген аралардан тазартылды деген мәлімет бар.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу