Австралияда орманда жоғалып кеткен турист қыз табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда орманда жоғалып кеткен турист қыз табылды

08.06.2018

Австралияда алты күн бойы ас-сусыз орманда жоғалып кеткен кореялық турист қыз аман табылды. Ол Квинслендтың солтүстігінде бірнеше сурет түсіру үшін жартасқа шығып, содан аңғарға құлап кетіп, есінен танып қалған. Кейін ол оянып, бұталардың арасымен сарқырамаға дейін өрмелеп барып, су ішкен.

Саяхатшының достары ол жоғалған соң бір аптадан кейін ғана дабыл қаға бастады. Құтқарушылар қызды сайдан тауып алып, тамақтандырғаннан кейін тікұшақпен көтеріп шығарған.

 

Мадина РАХЫМБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу