Австралияда орман өрті қайта қаулай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда орман өрті қайта қаулай бастады

30.01.2020

Австралияда ормандар қайта өртенуге жақын. Өйткені елдің оңтүстігінде аптап ыстық тағы да басталып, ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Ал осы аптаның соңында Мельбурн, Канберра, Сиднейде күн 45 градусқа дейін қызады деген болжам бар.

Жаңа Оңтүстік Уэлс және Виктория штаттарында әлі 80-нен астам өрт сөндірілген жоқ. Енді бұл аймақтарда жел күшейіп, отты тіпті қаулатуы мүмкін.

Австралияда орман өрті қыркүйекте басталып, одан 32 адам қаза тауып, миллиондаған гектар жасыл желек пен екі мыңдай үй күлге айналды. Содан кейін төпелеп жауған жаңбыр мен бұршақ елдің айтарлықтай бөлігінде лапылдаған жалынды толық өшіре алмаған.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу