Австралияда дүкендердегі құлпынайдан ине табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда дүкендердегі құлпынайдан ине табылды

19.09.2018

Австралияда дүкендердегі құлпынайлардан ине табылып жатыр. «France Press» агенттігінің хабарлауынша, Жаңа Оңтүстік Уэльсте осымен 20 оқиға тіркелді. Адамдар дүкеннен сатып алған құлпынайлардың ішінен кәдімгі тігін инелерін тапқан. Квинслендтегі тексеру барысында, бұл жеміс жидектерге ине супермаркетте салынуы мүмкін екені анықталды. Басында 6 жайт тіркеліп, күн санап оқиғалар жиілеп келеді. Полиция бұл жағдайға үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың сөзінше, бұл қылмыс үшін кемінде 10 жыл қамауға алу жазасы беріледі. Жергілікті тұрғындар өңірдегі дүкендерден тамақ алудан қорқып қалды.

Сиднейде болса, алма мен бананда да сымдар табылып жатыр. Австралияның денсаулық сақтау министрлігі іс бойынша тергеу амалдарын бастағанын мәлім етті.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу