Италияның солтүстігіндегі қар көшкінінен 3 шаңғышы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның солтүстігіндегі қар көшкінінен 3 шаңғышы қаза тапты

03.03.2017
Италияның солтүстігіндегі Курмайор курортының маңында қар көшкінінен 3 шаңғышы қаза тапты. Тағы 5-і зардап шеккен. Құрбандар- Италия, Германия, Бельгия азаматтары. Ал, жараланғандадың үшеуі – италиялықтар.

Құтқарушылардың сөзінше, олар оқиға орнына жеткенде адамдар әр түрлі тілде көмек сұраған. Қазір олар тағы 4 адамды іздестіріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, табиғи апат желдің қаттылығынан болған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу