Қырғызстан Президенті Мәскеудегі өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуге бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан Президенті Мәскеудегі өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуге бұйрық берді

28.08.2016
Қырғызстан Президенті Мәскеудегі өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуге бұйрық берді

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев үкіметке Мәскеудегі өрттен қайтыс болған қырғыз азаматтарының отбасына қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға бұйрық берді.

«Президент қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты»,-деп хабарлайды Қырғыз Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қырғыз Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өрт кезінде елдің 14 азаматы мерт болған. «Көз жұмғандардың дені 18 бен 45 жас аралығындағы әйелдер», деп хабарланды ішкі саясат мекемесінде. Тағы 3 қырғыз азаматы ауруханада жатыр.

Қазір Ресей Федерациясындағы Қырғыз елшілігінің қызметкерлері қаза болғандардың мүрдесін елге қайтару жұмысымен айналысуда. Жексенбі күні Бішкек қаласының орталығында мерт болғандарды еске алу акциясы өтеді.

Еске сала кетейік, сенбі күні таңертең Мәскеуде Алтуфьевский тасжолының бойында орналасқан қоймалардың бірінде өрт шығып, 16 адам қаза тапқан. Тағы төртеуі ауруханада. Кейіннен зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Зардап шеккен және қаза тапқандардың 3-еуі РФ азаматтары болса, қалғандары Қырғыз елінің азаматтары.

tass.ru

Хабарламаларға жазылу