АҚШ-қа 100 жылдағы ең қауіпті циклон жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-қа 100 жылдағы ең қауіпті циклон жетті

23.01.2016
АҚШ-қа 100 жылдағы ең қауіпті циклон жетті
«Монстро-шторм» аталып кеткен бораннан екі күннің ішінде 8 адам қаза тапты.

Құрама Штаттардың шығысында қар жауып, боран ұйытқып тұр. Өңірге 100 жылдағы ең қауіпті циклон жетті. «Монстро-шторм» аталып кеткен бораннан екі күннің ішінде 8 адам қаза тапты.

Он штатта төтенше жағдай жарияланған. Метеорологтардың мәліметі бойынша, мұндай ауа райы елдің 85 миллиондай тұрғынына қолайсыздық тудыруы мүмкін. Кешеден бері 7 жарым мыңнан аса әуе рейсі жексенбіге дейін доғарылды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу