Мәскеуде ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті

25.12.2019

Мәскеуде ауа температурасы желтоқсандағы рекордтық көрсеткішке жетті. Сейсенбіде ел астанасында ауа 7,5 градусқа дейін жылынған. Бұл – соңғы 70 жылдағы ең жылы қыс. Бұған дейін 1948 жылы желтоқсанның 23-де сынап бағанасы 5,8 градусқа дейін көтерілген. Метеорологтардың айтуынша, ерекше құбылысқа Атлант мұхитынан жеткен циклон себепші. Ол жылумен қатар, елдің көп бөлігіне жауын-шашын да ала келген.

Ауа райының жылынуынан қалада бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүр жарып жатыр. Бұған тұрғындардың бірі қуанса, енді бірі өкініш білдіруде. Олар Жаңа Жылды ақ ұлпасыз елестете алмайтындарын айтып, мерекеде қар жауып қалар деген үмітте. Дегенмен, синоптиктер алдағы аптада қыстың белгісі – қар да, аяз да байқалмайтынын хабарлап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


                             

Хабарламаларға жазылу