АҚШ Израильге жойқын бомбаларды жөнелтуді уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Израильге жойқын бомбаларды жөнелтуді уақытша тоқтатты

09.05.2024

АҚШ алғаш рет Израильге ауыр бомбаларды жөнелтуді уақытша тоқтатты. Бұған Израильдің Газаның Рафах қаласын зымыранмен атқылап, шабуыл жасауы себеп. Бірақ Ақүй бұл жайлы ашық мәлімдеме жасаған жоқ. Мәліметті ақпарат құралдарына жасырын таратқан шенеуніктің айтуынша, АҚШ Израильдің жойқын жарылғыш заттарды Газада бейбіт тұрғындар тұратын аудандарда пайдаланып жатқанына наразылық білдірген. Өткен жылдың 7 қазанындағы Хамас шабулынан соң АҚШ Израильді қаруландыруды еселеп арттырған еді.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу