Австралияда қатаң локдаун жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда қатаң локдаун жарияланды

06.08.2021

25 миллион тұрғыны бар Австралияда қатаң локдаун жарияланды. КСМ Коронавирустың аса қауіпті «дельта» штамы Мельбурн, Сидней, Бризбан тәрізді ірі қалаларды шарпыған. Індетті тежеу үшін карантиндік шектеулерді күшейтуге тура келіп отыр. Локдаундар мен шекарадағы қатаң бақылау және халықтың қарым-қатынасын жіті қадағалаудың арқасында пандемияны еңсеруге үміт бар.

Ал, АҚШ-та өткен тәулікте 100 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Бұл – соңғы жарты жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Вирус жұқтырғандардың жартысы вакциналау деңгейі төмен Флорида, Техас, Миссури, Арканзас, Луизиана, Алабама, Миссиссипи тәрізді жеті штатта тіркеліп отыр.

Қытай биыл әлем елдеріне 2 миллиард доза вакцина жіберуді жоспарлап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының екпе таратумен айналысатын COVAX бағдарламасына 100 миллион доллар бөлмек. Мұны елдің басшысы Си Цзиньпин бейсенбі күні өткен халықаралық видеофорумда мәлімдеді. Бейжің бұл препараттарды негізінен дамушы мемлекеттерге жіберуді жоспарлаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу