Таиландта жоғалған футболшы балалар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта жоғалған футболшы балалар табылды

03.07.2018

Таиландта жоғалып кеткен 12 футболшы бала мен олардың жаттықтырушысы аман-есен табылды. Олар 9 күн бұрын ізім-ғайып болған еді. Құтқарушылар 11 және 16 жас аралығындағы балаларды және олардың 23 жастағы тренерін үңгірден тапқан. Оларды жоғарыға алып шығу операциясы аяқталған жоқ. Құтқарушылардың сөзінше, футбол командасының мүшелері аман-есен, дегенмен, әлсіз болғандықтан, балалардың өздігінен қозғалуы қиынға соғып тұр. Олар маусымның 23-де жаттығудан кейін таудағы үңгірге барған. Алайда, нөсер салдарынан үңгірден шығатын жол бітеліп қалып, олар сыртқа шыға алмай қалған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу