Елордада оқушылар арасында «Q Talks» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада оқушылар арасында «Q Talks» шарасы өтті

04.05.2024

Елордада оқушылардың білімге деген зейінін заманауи тәсілмен ашуға бағытталған «Q Talks» шарасы өтті. Бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан пікір алаңында спикерлер тәжірибесімен, басынан өткен оқиғасымен бөліседі.

Жобаға спикер ретінде мектеп мұғалімдері, тәрбиешілері, мектеп директорлары, тіпті ата-аналар қатыса алады. «Q Talks» жобасына түрткі болатын негізгі тақырыптар мектептегі тәрбие жүйесінің сапасын арттыруға, жаңашылдыққа негізделіп отыр дейді ұйымдастырушылар.

Марат Айтқалиев, мұғалім: 

Менің тақырыбым, альфа ұрпаққа альфа ұстаз, яғни заманауи ұстаз, оқушылардың қызығушылықтарына қарай оқыту соңғы 1 айда оқушылармен бір қызық эксперимент бастадық. Медиа контент жоба. Әрбір оқырман үшін 1 секунд кітап оқимыз. Қазіргі таңда 2700 оқырман. Әрбір оқырман үшін 1 секунд оқуды жалғастырып жатырмыз. Біздің соңғы мақсатымыз Президентімізбен бірге кітап оқу.

Хабарламаларға жазылу