Таиландта 13 футболшы үңгірде жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта 13 футболшы үңгірде жоғалып кетті

25.06.2018

Таиландта 12 жасөспірім футболшы мен олардың 20 жастағы жаттықтырушысы үңгірден шыға алмай жатыр. Оларды іздеуге теңіз флотының құтқарушылары тартылып отыр. Оқиға елдің солтүстігіндегі Чианграй провинциясында болды.

Жасы 16-ға толмаған балалардың велосипедтері мен доп ойнауға киетін аяқ киімдері Там Луанг деген үңгірдің сыртынан табылды.

Полицияның мәліметінше, футбол командасы жер астына кіргеннен кейін үңгірдің кіреберісін жаңбырдан кейінгі топан су басқан.  

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу