Таиланд: Балаларды үңгірден шығару кезінде бір дайвер қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланд: Балаларды үңгірден шығару кезінде бір дайвер қайтыс болған

09.07.2018

Таиландта дайверлер үңгірде қалған 8 футболшы бала мен олардың жаттықтырушысын құтқару операциясын бүгін қайта бастады. Бұған дейін төрт жасөспірім шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Инфекция қаупі жойылғанша, балалар ата-аналарымен кездесе алмады.

Бұл команда маусымның 23-де жоғалып кетіп, өткен аптада табылды. Олар үңгірдің ішіне 4 шақырымдай бойлап кіріп кеткен.

Төпелеп жауған жаңбырдан үңгір суға толды. Сондықтан, балаларды шығару қиынға соғып отыр. Айта кетсек, оларға барған бір дайвер артқа қайтар жолда оттегі жетпей қайтыс болды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу