Таиландта 5-ші бала үңгірден шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта 5-ші бала үңгірден шығарылды

09.07.2018

Таиландта дайверлер үңгірден бесінші баланы алып шықты. Қазір қалған 7 футболшы мен олардың жаттықтырушысын құтқару операциясы жалғасып жатыр. Бұған дейін төрт жасөспірім шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Инфекция қаупі жойылғанша, балалар ата-аналарымен кездесе алмады.

Бұл команда маусымның 23-де жоғалып кетіп, өткен аптада табылды. Олар үңгірдің ішіне 4 шақырымдай бойлап кіріп кеткен.

Төпелеп жауған жаңбырдан үңгір суға толды. Сондықтан, балаларды шығару қиынға соғып отыр. Айта кетсек, оларға барған бір дайвер артқа қайтар жолда оттегі жетпей қайтыс болды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу