Жыл санап Қазақстан мен Украина арасындағы байланыс бекіп, өзара сенім нығайып келеді. Бүгін Қазақстандағы Украина істері бойынша уақытша сенімді өкіл Володымыр Джиджора екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті. Осы аралықта мемлекеттер бірлескен 100-ге жуық құжат қабылдапты. Мәні терең, маңызы зор келісімдердің барлығы әріптестікті тереңдетуге бағытталған.
Әсіресе, Қазақстан мен Украина саяси-экономикалық ынтымақты арттыруға баса мән береді. Қос мемлекетте бірлескен кәсіпорындар бой көтеріп, былтыр тауар айналым 2 млрд. долларға жеткен. Тараптар жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі. Осы ретте Украина Нұрсұлтан Назарбаевты ресми сапармен биыл Киевке келуге шақырған.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ