СҚО-да ауыл әкімдері жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да ауыл әкімдері жауапқа тартылды

15.03.2019

Олар қызметін асыра пайдаланып, мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтірген. Айталық, Астрахан ауылының әкімі мектеп мұғалімдері мен оқушыларды картоп теру жұмыстарына жеккен. Осылайша өзіне қарасты емес басқа мемлекеттік мекеменің тірлігін істетіп, оқу процесіне кедергі жасаған. Ал, Становое ауылдық округінің әкімі Рақымжан Әбденов жол жөндемеген кәсіпкердің жұмысын қабылдап, ақшасын төлеп қойған.

Ғани Жалби, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы:

- Жұмыстың орындалмағанына қарамастан Әбденов қабылдап, кәсіпкерге 800 мың теңгеге жуық қаражат аударған. Яғни, құқыққа сиымсыз қолдау көрсеткен кәсіпкерге. Осы әрекетіне байланысты әдеп жөніндегі кеңестің атынан аудан әкіміне Әбденовты жұмысынан босату ұсынылды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу