Қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорынға 30 млн айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорынға 30 млн айыппұл салынды

15.02.2019

Қоршаған ортаға зиян келтірген Петропавлдағы «Су тазарту» кәсіпорыны 30 миллион теңге айыппұл төлейді.

Қала тұрғыны құбырлардан Есіл өзеніне жіберілген қалдықтарды байқап қалып, тиісті органға хабарласқан. Экологтар тексеріс жүргізіп, бұл мекеменің өзенге 153 мың текше метр қалдық су жібергені анықталды. Кәсіпорынға заңнамаға сәйкес айыппұл салынып, шығынды өтеу туралы талап қойылды. Сондай-ақ, өзенге су жіберуді уақытша тоқтату туралы материал жіберілді. Қазіргі күні кәсіпорынның қоршаған ортаға келтірер залалын анықтау мақсатында тәуелсіз сараптама жүргізіледі.

Азамат Бектасов, Экология департаменті басшысының орынбасары:

- 2 айыппыұл салынды, 332-бап және 328-бап. Жалпы сомасы 60 АЕК, 150 мыңнан астам. Осы қоршаған ортаға келтірген залалы үшін есептеліп, 30 миллион теңгеден астам талап-арыз қойылды.

 Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу