Қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланған полицей жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланған полицей жазаға тартылды

14.02.2019

Ақтөбеде шығыны қазынадан төленетін көлігін жеке мақсатына пайдаланған полицейге сөгіс жарияланды. Оқу орталығына баласын тасып жүрген тәртіп сақшысын куәгерлер бірнеше рет көрген. Осы жолы тұрғындардың бірі оны суретке түсіріп алып, жариялап жіберген. Енді, міне, қызметтік көлігін қызметінен тыс пайдаланған мамандандырылған күзет қызметінің аға сержантына жаза қолданылды.

Расул Медетов, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Ішкі істер органдарымен бірлесіп, осы адамды анықтадық. Ол мемлекеттік күзет қызметі басқармасының аға сержанты болып шықты. Оған күзет басқармасының тарапынан тәртіптік шара қолданылды. Яғни, ол азаматқа сөгіс түріндегі жаза қолданылды. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік көлікті жеке мақсатқа пайдалануға болмайды.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу