Басты Жаңалықтар М.Әшімбаев: Дін көшбасшыларының съезі – өркениетаралық диалогтың жаһандық форматы

М.Әшімбаев: Дін көшбасшыларының съезі – өркениетаралық диалогтың жаһандық форматы

Жаһандық кикілжіңдер әртүрлі мүддені көздейтін радикалды идеялардың таралуына әкеп соқтыруда. Мұндай сын-қатерлерді еңсеру үшін барлық конструктивті күштер бірлесіп әрекет етуі тиіс. Дін лидерлері съезінің хатшылық отырысында сөз сөйлеген Сенат Төрағасы осылай деп мәлімдеді. Мәулен Әшімбаев рухани көшбасшылар соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға ықпалы бар екенін айтты. Ал орта елдер мен дін лидерлерінің бірлескен күші халықаралық бітімгершілікке серпін бере алады деген пікірде. Съезд 20 жылдан астам уақыт бойы жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға, маңызды әлемдік проблемаларды шешуге, рухани дипломатияны жұмылдыруға ықпал етіп келе жатыр. Сенат Төрағасы съездің бейбітшілікті сақтауға және ынтымақтастық мәдениетін нығайтуға бағытталған тың бастамалар мен ұсыныстар айтылатын бірегей диалог алаңына айналғанын атап өтті.



Бөлісу