Басты Жаңалықтар Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – бірегей алаң

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – бірегей алаң

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі бүгінде бірегей диалог алаңына айналған. Бүгін хатшылықтың 23-отырысына қатысқан шетелдік делегаттардың пікірі осыған саяды.

Мұхаммед Зия-Ул-Хақ, Исламабад халықаралық ислам университеті исламды ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

Негізі мұндай іс-шаралар бұған дейін де ұйымдастырылып тұратын. Бірақ олар тұрақты түрде өтпейтін. Өтсе де, бір-екі рет қана болатын. Ал Қазақстанның бұл бастамаға мұрындық болуы мұны дәстүрге айналдырды.

Шломо Менахем Кук, Израиль ашкеназиялық бас раввин өкілі, раввин:

Негізінен осындай алаң арқылы біз түсіністікке қол жеткізе аламыз. Өйткені түптеп келгенде бәріміз бір әлемде өмір сүреміз. Сондықтан біз өзара түсінісіп, үйлесім орнатып, бірге өмір сүруіміз керек.


Бөлісу