Чемпиондарды жерлестері қарсы алды
Ливерпульде жалауымызды көтерген боксшы қыздарымыз елге оралды. Әлем чемпионатында алтын медальға ие болған Наталья Богданованы жерлестері иығына шапан жауып қарсы алды.
Натальяның алтын жүлдесі теріскей спорты үшін тарихи жетістік. Себебі солтүстікте әуесқой бокста қыздар арасынан ешкім Әлем чемпионы атанып көрмеген. Бұрымды бокшы бұған дейін Азия чемпионы болған, Азия ойындарына және Әлем чемпионатында қола жүлде иеленген болатын.
Наталья Богданова, бокстан Әлем чемпионы:
Өзімнің Әлем чемпионы атанғаныма әлі де сене алар емеспін. Алтын медальға жету үшін жүріп өткен жолым оңай болған жоқ. Туған-туыстарымды көрмегелі көп болды. Үнемі жаттығу жиындарында жүрдім. Еңбегім еш кетпегеніне қуаныштымын.
Ал қарағандылықтар Әлем чемпионы Аида Әбікееваны әуежайда сән-салтанатпен күтіп алды. Жерлесіміз Ұлыбритания төрінде бокстан 65 келіде топ жарып, ақтық бәсекеде өзбек қызы Навбахор Хамидованы ұтып кетті. 2 дүркін Әлем чемпионы атанған Аида әлемдік аренада елдің қолдауы ерекше жігерлендірді дейді.
Аида Әбікеева, бокстан Әлем чемпионы:
Барлық жерлестеріме алғыс білдіремін. Маған үлкен қолдау білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
