Жамбыл облысында оқушылар өлімінен кейін шенеуніктер жазаланды
Жамбыл облысында оқушылардың өлімінен кейін бірнеше лауазым иесі жазаланды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев орынбасары Серік Сәлемовке сөгіс жариялады. Ал Тараз қаласы мен Шу ауданының әкімдеріне және облыстық Білім басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілді.
Сондай ақ облыс әкімі Тараз және Шу ауданындағы білім
бөлімі басшыларының үстінен тексеру жүргізуді талап етті. Бұдан кейін учаскелік полицейлер әр елді мекендегі ахуалды
қатаң бақыламақ. Енді қала мен аудан шенділері әр мектеп пен колледжде
жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін мониторинг жүргізеді. Арнайы топ анкета
толтыру арқылы білім ұяларында бұзақы балалардың бар-жоғын біліп, есепке алады.
Еске салайық, кеше Таразда №47 мектептің 9-сынып оқушысы өз қатарласының
қолынан қайтыс болды. Ол кеуде тұсынан алған ауыр соққыдан көз жұмды. Ал Шу
ауданы Көкқайнар ауылында 10-сынып оқушысын жоғары сыныпта оқитын бала ұрып
өлтірді деген күдік бар.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нариман Құрбанов чемпион атанды
16.09.2025, 14:23

Чемпиондарды жерлестері қарсы алды
16.09.2025, 14:21
Өзбекстан зейнет жасын өсіруді жоспарлай бастады
16.09.2025, 14:16
Қарағанды облысында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
16.09.2025, 14:14
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – бірегей алаң
16.09.2025, 14:06
М.Әшімбаев: Дін көшбасшыларының съезі – өркениетаралық диалогтың жаһандық форматы
16.09.2025, 14:03
Биыл 7 млн тонна астық жиналады
16.09.2025, 14:00
Хорватияда Загреб бозкілеміне тартыс өтіп жатыр
16.09.2025, 10:31