Теріскейлік шаруалар жылына 570 мың тонна сүт және 58 мың тонна ет алуды көздейді. Былтыр өңірде 520 миллиард теңгенің өнімі экспортталды. Жалпы, жыл сайын ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі ұлғайып келеді. Былтыр «Биохим « зауытын іске қосудың арқасында бидайды өңдеп, экспорттың көлемі айтарлықтай еселенді. Сондықтан, мамандар тек шикізат емес, дайын өнім жөнелтуге басымдық бермек.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
- 8 жылдық үзілістен кейін іске қосылған «Биохим» зауыты өзімізде өсірілген бидайдың 7 пайызын өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні глютен мен крахмал алып жатырмыз. Біздің глютен, желімтік, Америка Құрма Штаттарының желімтік жеткізушілер реестріне енгізілді. Бұл дегеніміз, 1 тонна бидайдан 343 келі крахмал, 85 келі желімтік, 354 келі жем-азіқ аламыз. Сонда бидайдың тоннасының құны 108 мың теңгеге дейін өседі. Ал, шикізат ретінде саудаласақ, бағасы 56 мың теңге ғана. Сондықтан, өңдеуге баса назар аударуымыз керек.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.