Басты Жаңалықтар Ақтөбелік такси жүргізушісі көлігінде ұмыт қалдырған 1 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Ақтөбелік такси жүргізушісі көлігінде ұмыт қалдырған 1 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Бүгін оны және оның досын облыстық полиция департаментінің басшылығы Алғыс хатпен марапаттады. Аслан Нәби мен Дарын Ембергенов ер адамды діттеген жеріне жеткізіп салған. Біраздан соң олар артқы орындықта жатқан қомақты ақшаны көреді. Көп ойланбастан полиция бөліміне барып, мән-жайды баяндаған. Көп ұзамай құқық қорғаушыларға ақшасын жоғалтқан адамның өзі де хабарласып, 1 миллион 100 мың теңгесін қалдырып кеткенін айтқан. Аслан мен Дарын бұл әрекеттерін әр адам істеуі тиіс қалыпты жағдай деп есептейді.

Дарын Ембергенов, қала тұрғыны:

- Апардық, түсірдік. Содан кейін машинаның артын қарағанда артқы орындықта миллион жүз мың сомасы қалып кетіпті. Оны полиция қызметкерлерінің қолына тапсырдық.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу