ШҚО-ның Көкпекті ауданында 62 көшенің атауы өзгерді

07.02.2020

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында 62 көшеге жаңа атау берілді. Аудан орталығы - Көкпекті ауылындағы көшелер Тәуелсіздік, Ұлы дала елі, Ыбырай Алтынсарин, Отыншы Әлжанов, Кегенбай би, Қалихан Алтынбаев, Бармақ батыр секілді жаңа атауларға ие болды.  

Ал Үлкенбөкен ауылындағы 9 көше енді Төле би, Қазыбек би, Қабанбай батыр, Кенесары Қасымұлы, Әлихан Бөкейхан, Шоқан Уәлиханов, Қасым Қайсенов сынды қазақтың біртуар тұлғаларының есімдерімен аталмақ. 

Жалпы, аудан бойынша Абайдың 175 жылдық мерейтойында 5 көшеге ұлы ойшылдың есімі берілді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу