Атырау облыстық мәслихатының депутаты ірі көлемде пара алды деп айыпталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облыстық мәслихатының депутаты ірі көлемде пара алды деп айыпталуда

16.11.2018

«Атырау-ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты ұсталды. Шенеунік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаментімен бірге жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қолға түскен. Күдікті бірнеше мәрте делдалдар арқылы мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жедел жасау үшін мердігер ұйымдардан ірі көлемде пара алды және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген 5 млн. теңгеден астам сомадағы қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Қазір күдікті «үй қамаққа» алынды. Айта кетейік, елімізде соңғы үш жылда бармақ басты, көз қысты әрекетке барған 19 мәслихат депутаты қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу