Басты Жаңалықтар Жібек жолы бойындағы елдердің тарихы мен мәдениеті туралы кітаптар қазақ тіліне аударыла бастады

Жібек жолы бойындағы елдердің тарихы мен мәдениеті туралы кітаптар қазақ тіліне аударыла бастады

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жібек жолы бойындағы елдердің тарихы мен мәдениеті туралы кітаптар қазақ тіліне аударыла бастады. Бұл істі «Шығыс әдебиеті және өнері» халықаралық баспа компаниясы қолға алған. Мамандар бір жылдың ішінде қытай тіліндегі 11 кітапты қазақ тілінде сөйлеткен. Мұндағы мақсат - халқымызға қатысты Қытайдың мұрағатында сақталған құнды мұраларды там-тұмдап болса да өзімізге тарту. Елбасының «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, «ашық болу» ұстанымын ұстанған компания қызметкерлері «өзге елдің дайын еңбектері арқылы құнды деректерге қол жеткізуге болады», - дейді. Мамандар алдағы уақытта қазақ әдебиетін шетел тілдеріне аударуды жоспарлап отыр.  

Нұрғиса Сахов, «Шығыс әдебиеті және өнері» халықаралық баспа компаниясы бас редакторының орынбасары:

- Әлемнің 124 елі осы бағдарламаға қол қойған. Яғни, әлемнің 124 елі бір-бірімен араласады деген сөз. Бір-бірімен араласқан соң мәдениет те араласуы керек. Яғни, біз қазақ екенімізді көрсетуіміз шарт. Сондықтан, қазақтың өзінің салт-дәстүрін, мәдениетін, жалпы, қалыптасқан дүниесін Қытай еліне таныстырамыз.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу