Үздік әлеуметтік жобалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

29.09.2018

Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» анықталды. Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ең беделді байқаулардың бірі биыл 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Бүған дейін тек мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты жобалар қабылданса, биыл бірінше рет оның аясы кеңейтіліп, 6 аталым енді. Оның барлығы әлеуметтік салаға қатысты. Байқауға биыл 318 жоба келіп түскен. Оның 55-і республикалық деңгейге жолдама алды. Сонымен бірінші орынды зейнеткерлерге тегін түскі ас ұйымдастыру жобасы алса, екінші орынды Алматы облысынан келген Арбадағы кедергісіз өмір- электрқондырғы жобасы жеіп алды. Үшінші орын Кенжебек Әбіловтың «Ер-назы» арт терапия орталығына бұйырды. Байқауды биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды. Үздік жобалар 1 миллионнан 3 миллионға дейінгі қаржылай сыйлықтармен мараптталды. Бұдан бөлек, үздік жобаларды қаржылай қолдау тетіктері қарастырылатын болады.  

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Байқауға қатысқан барлық ұйымдар барлығы жеңімпаз деп айтуға толық негіз бар. Ары қарай да біздің партиямыз осы саладағы жұмыстарды жалғастыратын болады. Байқауға қатысқан, осы байқауға бір себептермен қатыса алмай қалған басқа да ұйымдарға республикалық деңгейде, өңірлік деңгейде өзіміздің көмегімізді беруге жұмыс істейміз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу