Елордада ең үздік әлеуметтік жобалар анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ең үздік әлеуметтік жобалар анықталады

28.08.2014
Елордада ең үздік әлеуметтік жобалар анықталады

Астанада  «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты қалалық байқауға 14 әлеуметтік жоба келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушканның айтуынша, 14 әлеуметтік жоба мамыр айынан бастап ұсынылған.

«Оларды қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, мүмкіндігі шектеулі адамдардың бірлестіктері мен қауымдастықтары, заңды тұлғалар жүзеге асырып келе жатыр», - деді ол.

Сайысқа қатысып жатқан әлеуметтік жобалардың барлығы мүгедектерді, зейнеткерлер мен жалғызілікті аналарды қолдауға арналған.

Айта кету керек, іріктелген ең үздік әлеуметтік жоба ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастыратын республикалық көрмеге қатысады.

Хабарламаларға жазылу