«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздары көрме ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздары көрме ұйымдастырды

01.11.2019

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды. Биыл конкурсқа қатысуға 224 өтінім түскен, соның ішінен 57 жоба іріктеліп алынды. Жобалар 5 бағыт бойынша бағаланды. Әлеуметтік саладағы волонтерлік қозғалысты дамыту, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсету бойынша үздік деп танылған жоба авторларына сый-құрмет көрсетілді. Жобалардың барлығы да маңызды, мағыналы. Сондықтан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде олар міндетті түрде жүзеге асырылады.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Бұлардың бәрі де әрі қарай іске асып жатыр, мемлекет тарапынан қолдау тауып жатыр. Біз республикалық бюджеттің өзінен жылына 1,5 миллиард теңге мемлекеттік тапсырыс береміз. Сондықтан бұл бірінші жағынан, екінші жағынан бұл да қоғамға деген жақсы үлгі ретінде өзіндік қолдау тауып отыр.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу