Қазақстан мен Ресей жастары ортақ бизнес инкубатор ашпақ
Қазақстан мен Ресей жастары бірігіп, жылдың соңына дейін ортақ бизнес инкубатор ашпақ. Бұл туралы Алматыда басталған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің жастар форумында айтылды.
Ресейліктер осы уақытқа дейін Қытаймен 15 бизнес-инкубатор құрып, былтыр 430 млн. АҚШ долларынан астам ақша айналымға түскен. Сондықтан, бұл жоба «Екі ел кәсіпкерлерінің шаруасын дөңгелетуге айтарлықтай ықпал етеді», - дейді мамандар. Ал, жиынға қатысқан 7 мемлекеттен келген 100-ден астам жастар саясатының өкілі мен үкіметтік емес ұйым мүшесі 4 тақырып аясында пікір алмасты. Мәселен, ТМД-ға ортақ еріктілер жұмысын жетілдіру, ақпарат саласының жетістіктерін меңгеру, туризмнің заманауи трендтерін түзу мәселелері талқыланды.
Асхат Оралов, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
- Қазақстанның өзінде де 4 млн-ға жуық жастарымыз бар. Сондықтан да, ішкі туризмді дамыту мақсатында көршілес мемлекеттерді шақырып, табиғатымызды, әдемі жерлерімізді, тарихи ескерткіштерімізді көрсету мақсатында осындай керемет форум ұйымдастырудамыз. Екінші бағыт ол жастар кәсіпкерлігін дамыту. Нарық заңына сәйкес, тек қана Қазақстанның ішінде емес, өнімдерімізді сыртқы елдерге шығарып, сатып, жалпы біздің кәсіпкерлерімізге қолдау көрсету.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
