Депутаттар Астанадағы мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Астанадағы мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Парламент депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда, олар өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесуде. Бүгін Мәжіліс өкілдері Астанадағы мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты. Орталықты құрудағы негізгі мақсат – кез келген уақытта қаланың барлық саласы бойынша төтенше жағдайларға тез арада әрекет ету. Бұл жерде  бейнебақылау залы бар. Оның жұмысына 3000-ға жуық бейнекамера қосылған, 100-ге жуық адам еңбек етеді. Ситуациялық орталықта елордалық басқармалар мен департаменттердің өкілдері есебінен құрылған арнайы аналитикалық топ жұмыс істейді. Болашақта бейнекамера саны 13 мыңға дейін жетеді деген жоспар бар.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу