Сыр өңірінде «Бабамыздың үні сенсің – домбыра» кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде «Бабамыздың үні сенсің – домбыра» кеші өтті

02.07.2018

Сыр бойы сүлейлерінің ізбасарлары Сырдарияның жағасына жиналды. «Бабамыздың үні сенсің – домбыра» атты кеш аясында өнерпаздар домбыра жайлы аңыздан бастап, Қорқыт баба салған қасиетті өнердің тарихына тіл бітірді. Күмбірлеген күй тыңдап, құдіреті күшті қара домбыраның қоңыр үніне елітті. Қос ішектің күмбірі мен жыраулардың көмейінен төгілген жыр Сыр аспанында қалықтады. Киелі өнерді дәріптеген шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады. 

Серік Жақсығұлов, жырау:

- Қазақ халқының аңсаған арманы да, мұң-шері де, қуанышы да барлығы домбыраның екі пернесі мен шанағынан төгіліп жатады. Сыр бойы оның ішінде, жыршы, жыраулық, ақындық, күйшілік дәстүр қанатын кеңге жайған орда десе болады. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу