Павлодарда «Абай оқулары» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Абай оқулары» өтті

26.03.2015
Павлодарда «Абай оқулары» өтті

«Абай үні - халық үні», деп тегін айтылмаған. Павлодарда «Абай оқулары» сайысы өтті. Осымен 16 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шараға 70-ке жуық үміткер қатысты.

Оқушылардың кейбірі ұлы ойшыл бабамыздың 250-ге жуық шығармасын жаттап келген. Бірақ, бұл жолы өлеңдерді көркемдік шеберлікпен жатқа айту ғана емес, фонограммалық музыкамен немесе ұлттық аспапта сүйемелдеу арқылы көрерменге жеткізуге баса мән берілді.

Өйткені, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Астанада болатын республикалық сайыс бағдарламасына  «Көңілім әнді ұғады» атты жаңа талап енгізіліп отыр. Бұл ақынның өлмес мұрасын әлемге таныта түсуді көздейтін қадам.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу