«Шахимардан достарын шақырады» халықаралық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахимардан достарын шақырады» халықаралық фестивалі басталды

21.10.2014
«Шахимардан достарын шақырады» халықаралық фестивалі басталды

Бүгін «Шахимардан достарын шақырады» атты классикалық музыка өнерінің халықаралық фестивалі шымылдығын түрді.

Биылғы жылы 10-шы  рет ұйымдастырылып отырған шараға әлемнің 12 елінің өнер майталмандары қатысып, классикалық музыканы кеңінен насихаттамақ.

«Мәдени шара барысында түрлі ұлт өкілдерінің фольклорлық туындыларымен қатар, классикалық опералық шығармалар мен балет өнері кеңінен насихатталмақ.

Фестивальдің 10 жылдық тарихында сахна төрінде алғаш рет кларнет аспабының ғажайып үні әуелейді. Павлодар өңіріне АҚШ-тың Нью-Йорк қаласынан әлемдегі үздік кларнетистердің бірі, атақты Бенни Гудменнің шәкірті Юлиан Милкис арнайы шақырылды»,  деп атап өтті ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі Шахимардан Әбілев.

Фестиваль бағдарламасы аясында орыс романсының кеші, өнер майталмандарының концерті, балет кеші және қорытынды гала концерт ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 

Хабарламаларға жазылу